Алматы қаласының тұрғын үйді 2030 жылға дейін реновациялау бағдарламасы аясында тағы бір алматылық жаңа баспанаға ие болды. Бұл жолы Мехпоселок шағынауданындағы ескі үйден Кемел шағынауданындағы жаңа пәтерге қоныс аудару жүзеге асырылды. Реновация бағдарламасы ескірген тұрғын үй қорын жаңартуға, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бағдарламаға қатысушылар ескі үйлердің орнына заманауи әрі жайлы пәтерлерге ие болады.

© 2026 «Almaty Renovation» ЖШС