«Алматы» ӘКК-де «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ (ҚТК) өкілдері және Алматы қаласының тұрғын үйді реновациялау бағдарламасына қатысушы инвесторлардың қатысуымен онлайн-кездесу өтті. Кездесу барысында ҚТК мамандары реновация жобаларын кепілдендіру тетігін таныстырды. Бұл тетік жобаларды іске асырудағы тәуекелдерді төмендетуге, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жеке инвестицияларды тартуға қосымша мүмкіндік береді. Қатысушылар кепілдік беру шарттарын, жобаларға қатысу тәртібін және алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. «Алматы» ӘКК-де заманауи қаржылық құралдарды енгізу Алматы қаласының тұрғын үйді реновациялау бағдарламасын тиімді іске асыруға және ескі тұрғын үй қорын жаңартуға ықпал ететіні атап өтілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2026 «Almaty Renovation» ЖШС