Бастапқы кезеңде компания өкілдері бағдарлама шарттарын түсіндіру және барлық пәтер иелерінің бірауыздан келісімін алу мақсатында олармен кездесулер өткізеді. Келісімге қол жеткізілгеннен кейін қажетті құжаттама әзірленіп, содан соң ескі ғимараттар сүріледі. Жаңғырту бағдарламасы ең алдымен 1930–1950 жылдары салынған, қазіргі таңда қауіпсіздік пен жайлылықтың заманауи талаптарына сай келмейтін, тозығы жеткен ағаш қаңқалы және қамыс панельді үйлерді қамтиды. Жаңғырту жұмыстары тек жаңа тұрғын үйлерді салумен шектелмейді. Жоба аясында компания жаңа кешендерді қамтамасыз ететін инженерлік желілер мен инфрақұрылымды да толықтай жаңартып, болашақ тұрғындардың заманауи әрі сенімді коммуналдық жүйелерді пайдалануына жағдай жасайды.
   Реновация бағдарламасы және «Алматы» ӘКК-ның қаланы дамытудағы рөлі туралы толық бейнероликті «Алматы» ӘКК YouTube арнасынан тамашалаңыздар. Сілтеме - https://youtu.be/z_opbjEMl9I

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2026 «Almaty Renovation» ЖШС