Жоба Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Инвестор — «Г.С.Г. Высотник» ЖШС, «САТАЙ» тұрғын үй кешені. Жұмыстар «Almaty Renovation» ЖШС-мен бірлесіп жүргізілуде. Жоба аясында Алматы қаласының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы мен Боткин, Казаков, Гончаров және Скрябин көшелерінің аумағында қызмет көрсету нысандары бар көпфункционалды тұрғын үй кешенін салу көзделген. Жоба бойынша барлығы 14 ескі үй — 119 пәтер сүріледі. Олардың орнына жалпы аумағы 39 154 шаршы метр болатын 767 пәтерге арналған 13 жаңа үй салынады. Тұрғындарға реновацияға қатысудың үш нұсқасы ұсынылады: айырбас шарты бойынша тұрғын үй алу, баспананы нарықтық құны бойынша сату немесе құрылыс аяқталғаннан кейін көлемі жағынан тең пәтер алу. Құрылыс жұмыстары құрылыс нормалары мен ережелеріне қатаң сәйкес жүргізілуде. Осылайша, Алматының тұрғын орамдары кезең-кезеңімен жаңартылуда. Сейсмикалық тұрғыдан қауіпті ескі үйлердің орнына заманауи тұрғын үйлер салынып, тұрғындарға қолайлы қалалық орта қалыптасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2026 «Almaty Renovation» ЖШС